Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz


Пәні: қазақ тілі.
Мерзімі: 24.01.15.
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың зат есім туралы өткен сабақтарда алған
білімдерін еске түсіру, тиянақтау, білімділік дағдыларын қалыптастыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат
есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды сауатты оқып, көркем жазуға,
шапшаңдыққа, мейірімділікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: ана тілі.
Стратегиялар: топтастыру, бес жолды өлең, ой толғаныс, шығармашылық тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
ә) психологиялық дайындық.
Сөзіңізді тыңдаймыз,
Ойға тоқып, сақтаймыз.
Білім нәрін жинаймыз,
Деп сабақты бастаймыз.
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.

Мұғалім сөзі: Ал, ендеше балалар бүгінгі қазақ тілі сабағында, қазақ тілін қаншалықты меңгергендеріңді ортаға саласыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
283-жаттығу. (Көшіріп жазу. Сөйлемдерді сөз таптарына талдау.)
кім? қандай? қандай? кім?
Бақыт – бесаспап шебер бала.
а)Үй тапсырмасын пысықтау.
Семантикалық карта.
Сөздер Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
мектеп
қызыл
оныншы
жазды
оқыды +
+

+

+
+

ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Оқушылардың қызығушылығын ояту:
Балалар, бәріміз тақтаға назар аударайық.
Не көріп тұрсыңдар?
- Гүл күлтелері.
Ал қыс айында гүлдер ашылады ма?
- Жоқ.
Ал егер үйде, жылыжайда өсірсек ше?
- Ия.
Олай болса, мына менің қолымдағы сұрақтарға жауап берсеңдер, мына гүл күлтелері ашылады. Ашылған гүл күлтелерінен бүгінгі жаңа тақырыбымызды білетін боламыз.
Сұрақтар.
1. А. Құнанбаевтың әкесінің аты
А кім?
2. Т. Бокиннің анасының аты кім?
З Т 3. 16-желтоқсан қандай күн?
4. Бір анадан немесе енеден бірге туған екі бала немесе төл.
Е М 5. Уақыттың өлшем бірлігі.
6. Бір мойын екі иық,
С І Тұрады киім киіп.
7. Мектеп табалдырығын 4 жасында аттаған кім?

Демек, бүгінгі тақырыбымыз «Зат есім». Бүгінгі біздің мақсатымыз – зат есім туралы өткен сыныптарда алған білімдерімізді еске түсіру, тиянақтау. Тіліміздегі ең жиі қолданылатын сөз табы-зат есім, ол сөйлеу процесінде ерекшк орын алады.
Плакатпен жұмыс:
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Оларға кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Яғни, барлық айналаны қоршаған ортадағы зат, құбылыс атауы боп танылатын сөздер енеді. Ал зат есімдердің мағыналық жағынан қалай бөлінетініне назар аударып, есте сақтаңдар.
Біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер жалпы есім деп аталады. Мысалы: тау, құс, адам, өсімдік, т.б.
Арнайы берілген есімдер мен атаулар жалқы есім деп аталады. Мысалы: Алатау, Айнұр, Жетісу, т.б.
Нақтылы тануға болатын зат атаулары. Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім - Деректі зат есімдер деп аталады. Мысалы: кітап, доп, тақта, парта, дос, т.б.
Көзге көрінгенімен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары – Дерексіз зат есімдер деп аталады. Мысалы: ауа, ой, бақыт, арман, т.б.

негізгі жалпы

деректі Зат есім жалқы



дерексіз туынды

286-жаттығу. (ауызша орындау.)
287-жаттығу. (сөздерден сөйлем құрау.)
Әжем өрмек тоқыды. Тіс дәрігеріне бардым. Қазақтың ақын, жазушысы Абай Құнанбаев, Інім балабақшаға барады. Қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев атамыз.
Сергіту сәті: Ребусты шешу. Сол сөздерге сөйлем құрау, сұрақ қою.
288-жаттығу.
Малдың төлдері: қозы, лақ, бұзау, құлын, бота.
Аңдар: аю, қасқыр, түлкі, қоян, бұғы.
Құстар: тоқылдақ, бұлбұл, сауысқан, қарға.
Сабақты қорыту: Суретпен жұмыс. Сұрақ қойып, сөйлем құрау.
Үйге тапсырма: 290-жаттығу.
Бағалау.

«5» «4» «3»
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Зат есім
Сын есім
Зат есім
Жалқы жане жалпы зат есімдер
Сөз таптары. Зат есім
Зат есім
Сын есім
Зат есім
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Сан есім

Автор Елгонова Махаббат Мырзаханқызы

"Ынтымақ" негізгі орта мектебі

Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Көрсетілім: 2345 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар