Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
«Мен және менің балам»
(тақырыбындағы дөңгелек үстел)
Ұйымдастырған: Психолог: А.Андирова
Бекітемін:
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру.Бала тәрбиесінде Мұхит орта мектебіндегі мұғалімдермен, мамандармен ата-ананың байланысын нығайту, ұстаздармен бірлескен әрекетке тарту.
Көрнекілігі: Оқушылардың қолымен әр түрлі бұйымдардан жасалған заттар, суреттерден көрме, плакатқа жазылған бала тәрбиесі жөніндегі нақыл сөздер.
«Ата-ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді». (Б.Г.Белинский)
Тәрбиелеудің мақсаты-баламызды бізсіз өмір сүруге үйрету.
Балалар-бүгінгінің қонағы, ертеңгінің қожайыны.
Барысы:
І.Кіріспе:
Құрметті ата-аналар! бүгінгі біздің мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Мен және менің балам» тақырыбындағы ата-аналармен өткізгелі отырған дөңгелек үстелімізге алтын уақыттарыңызды бөліп, бала тәрбиесіндегі өз жауапкершілігіңізді сезініп, келіп отырғандарыңызға көп-көп рахмет! Сіздерден жұмысымыздың барысында мына заңдылықтардың орындалуын сұраймыз.
-Бір-бірімізді тыңдаймыз
-Белсенділік танытамыз
-Уақытты үнемдейміз
-Өз ойларымызды ортаға саламыз
Кіріспе сөз: Мектеп директоры Б.Ғарапшиевке беріледі.
Ұйымдастыру
Қызығушылықты ояту
Психологиялық тренингтер
Топқа бөлу. Тренинг: «Үш түс-үш есік»
Үш столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады.Бұлар үш есік деп аталады.Тренир қатысушылардан қай есікке кіретіндіктерін сұрайды.Әр қатысушы өзінің кіретін есігін пайымдайды.Жауабы төмендегіше:
Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз.
Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз.Балаға қатал талап қоясыз.Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз.
Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз.Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз.Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз.
Эксперимент ойын «Өз балаңызды таныңыз»
Мақсаты: Ата-ананы қаншалықты өз баласын білетіндігі жөнінде ойландыру.
Қатысушылардың балаларының сүйікті жыл мезгілі, сүйікті тағамы, сүйікті ісі, достарының есімі аталады.Ата-ана менің балам деп танығаны қолын көтеруі керек.
«Менің жанұям» суретті тестін көрсете отырып, ата-аналарға талдау.
«Жанұя» ойыны.Сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру.
1.Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
2.Тәрбиешісінің аты-жөні кім?
3.Парталас көршісі
4.Балаңыздың сүйікті асы
5.Балаңызды еркелетіп қандай сөзбен айтасыз?
6.1-сыныпқа қай жылы барды?
7.Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?
8.Ең жақын досы кім?
9.Қандай түсті жақсы көреді?
10.Қандай әнді жақсы көреді?
«Байқағыштық»
Мақсаты: Ананың өз баласын тануы, сезімталдығын анықтау.
5 сыныптың оқушылары және 3-4 ата-ана ортаға шығамыз. Балалар алақандарын жайып тұрады, ана көзі байлаулы балалардың алақандарын сипап сезіну арқылы , өз баласын тауып алады.
Ата-анаға сұрақ:
-Өз балаңызды қалай таныдыңыз, қандай сезім болды?
-Балаларға қандай тілек айтар едіңіз? (таба алмаған жағдайда).
(Музыкалық сәлем)
Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың өнерін тамашалау
(оқушылардың концерттік бағдарламасы )
ІІ.Мағынаны тану
1. «Мен және менің балам» тақырыбында баяндама.
(психолог А.Андирова)
2. Ата-анаға естелік-кеңес
3. «Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың құқықтары» баяндама
(әлеуметтік педагог Д.Хамзин)
4.Сауалнама «Сіз қандай ата-анасыз?»
(ата-аналарға арналған сауалнама)
ІІІ. «Ой-толғаныс»
Ұжымдық жұмыс
І топ
1.Жанұяда бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
2.Балаңызға еңбек етуді неше жастан және қалай үйретесіз?
3.Сізге көмектесемін деп балаңыз өте қымбат тұратын ыдысты сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?
4.Балаңызға берген уәдеңізді ұмытпайсыз ба?
ІІ топ
1.Балаңыз сізден көмек сұраса, сіз істеп жатқан жұмысыңызды немесе көріп отырған телекөрілімді тоқтата аласыз ба?
2.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
3.Балаңыздың жасына қарамай онымен ақылдасасыз ба, пікірімен санасасыз ба?
4.Өз балаңыздың досының ата-анасымен байланыс жасайсыз ба?
ІІІ топ
1.Балаңыздың байқау-бақылау қабілетін дамытуда әрбір сәттерді пайдалана аласыз ба?
2.Сіздің балаңыз туралы жағымсыз ескертпелер айтылса, себебін қайдан іздейсіз?
3.Балаңыздың кемшіліктері бола тұрса да, оның жетістіктеріне қуана аласыз ба?
4.Балаға қатаң талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмей ме?
Тренинг «Сиқырлы қарандаш»
Әр топтағы барлық қатысушыларға ортақ бір қағаз беріледі.Қатысушылардың біреуі таза қағазға бала тәрбиесіне байланысты тақырыптағы суреттің бір бөлшегін бастап салады.Келесі қатысушы осы суретті толықтыра түседі.Осылайша барлығы қатыса отырып (шеңбермен) суретті аяқтап шығуы тиіс.Соңында суретті сипаттауы тиіс.(Әр топ).
Тренинг: «Қолғаптар»
Қатысушыларға бір-бірден қолғап үлестіріле отырып, сұрақ қойылады.Мыс: бұл неге ұқсайды? т.б.
Нұсқау: Алдымен қолғабымыздың тырнақтарына мән бере отырып, сыңарын табыңыз.Табылған сыңарлы қолғаптарға өз балаларыңызға арнап тілек жазыңыз!
«Мен және менің балам», шын жүректен (ілінген плакатқа ата-аналар өз тілектерін, ойларын, ұсыныстарын жазып, плакатқа түйрейді).
Қорытындылау.
«Мен және менің балам» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысушылар тізімі
№ Қатысушы ата-аналар тізімі Қолы
Ата-ана--------------------------------------------------------
Сіз қандай ата-анасыз?
(ата-аналарға арналған сауалнама)
№ Сұрақтар Иә Жоқ Кейде
1 Газет журналдар мен ақпарат құралдарындағы бала тәрбиесі жөніндегі мәселелерге көңіл аударасыз ба?
2 Сіздің балаңыз қателік жіберді.Осының барлығы тәрбиеңіздің нәтижесі деп ойламайсыз ба?
3 Жұбайыңыз екеуіңіз бала тәрбиесіне бірдей қарайсыз ба?
4 Үй шаруасында балаңыз сізге көмектесті.Бірақ одан сіздің шаруаңыз тоқтап, тежелуі мүмкін.Оның көмегін қабыл аласыз ба?
5 Қажет болған жағдайда балаңызға бұйыру мен тиым салу әдістерін қолданасыз ба?
6 Балаңыздың мұғалімі мен құрбыларымен қарым-қатынас орнатқансыз ба?
7 Баланың қоршаған ортасы оған көбірек әсер ететінін сіз мойындайсыз ба? (мектеп, достары, көше балалары)
8 Балаңыздың үйлесімді дамуына спорт пен дене шынықтырудың маңызды екенін мойындайсыз ба?
9 Сіз балаңызға бір нәрсені бұйырмай, өтініп орындата аласыз ба?
10 «Менің уақытым жоқ», «жұмысымды бітірген соң» деп балаңыздың тауын қайтарасыз ба?
«Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнамасының қорытындысы
ИӘ-2 ұпай
Кейде-1 ұпай
Жоқ-0 ұпай
Қорытынды:
6 ұпайдан аз болса.Сіздің бала тәрбиесі жөніндегі көзқарасыңыз әлі анық емес сияқты.Дегенмен әлі де кеш емес.Кейінге қалдырмай сізге бұл мәселеге көбірек көңіл бөліп, бала тәрбиесінде батылырақ болуыңызды сұраймыз.
7-14 ұпай аралығында болса.Сіз бала тәрбиелеу барысында үлкен қателіктер жібермейсіз, дегенмен ойланатын мәселелер бар.Бұның бәрін бала тәрбиесінен басқа мәселелерді ұмытып, бір күнгі демалысыңызды тек балаларыңызға арнаудан бастаңыз.Баламен қарым-қатынаста өзіңізге сенімді болыңыз, балаңыз бұны әркез бағалайды.
15 ұпайдан артық болса
Сіз бала тәрбиелеу міндеттеріңізді толықтай меңгергенсіз.Сонымен қатар бұдан да жақсырақ тәрбиелеуге мүмкіндігіңіз бар екенін ойлаңыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Психологиядан ашық сабақтар |
Көрсетілім: 24014 |
|
|
|
«Мен және менің балам» (тақырыбындағы дөңгелек үстел)

Автор Андирова Айман Амандыққызы
Батыс Қазақстан обл, Қаратөбе ауд, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |