Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәуелсіз Қазақстан


Тәуелсіз Қазақстан
БҚО Ақжайық ауданы Атамекен ауылы
М.Өтемісов атындағы НЖББМ-нің
мектепалды даярлық тобының ІІ санатты
тәрбиешісі Бекболатова Балжан Батыргалиқызы
Білім беру саласы : Қатынас. Әлеуметтік орта
Бөлімі : Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»
Оқу іс-әрекет мақсаты :
Білімділігі : балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру. Өлеңді оқып мазмұнын түсіндіру .
Дамытушылығы : ойлау, түсіну, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларының белсенділігін арттырып, тіл мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелігі : Оқушы бойына патриоттық сезім қалыптастыра отырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Оқу іс – әрекетінің әдістері : сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру,ойын.
Түрі : саяхат сабақ
Көрнекілігі : Тәуелсіздік монументінің, Астана қаласы, Ақорда суреттері, Тәуелсіздік монументі, Бәйтеректің макеті, қыс мезгіліне арналған суреттер, ою – өрнектер.
Сөздік жұмыс : тәуелсіздік, еркіндік, теңге.
Билингвальді компонент : тәуелсіз – независимый.
Оқу іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Бейімділік
қозғау
салушы

Ұйымдастырушылық –
Ізденістік

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Рефлексиялық түзетушілік 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбері.
Біз тебеміз сырғанақ,
Таудан төмен сырғанап
Бір шанада екеуміз,
Құламайды екенбіз.
ІІ. Өткенді пысықтау.
-Балалар өлең жылдың қай мезгіліне арналып тұр ?
-Қазір жылдың қай мезгілі ?
-Қыс айларын атап көрейік.
Өткен оқу іс – әрекетінде
А. Асылбековтың «Қыс»
өлеңімен таныстық.
-Өлеңді кім жаттап келді ?
-Қыс өлеңіндегі «бояған ақ түспенен» дегенді қалай
түсінесіңдер ?

-Өздеріңе ұнаған қысқы ойын туралы салған суретті кім таныстырады ?
ІІІ.Ойын : «Тамаша»
Шарты : мен сендерге қыс туралы сұрақ қоямын,сендер бас бармақтарыңды көрсетіп «тамаша»
деп жауап берулерің керек.
-Қыс мезгілі қандай
-Қысқы ойындар қандай ?
-Қыста шыныққан қандай
-Жаңа жылды тойлаған қандай ?
-Тәуелсіздік мерекесін тойлаған қандай ?

ІY.Жаңа тақырыпты ашу.
Ой қозғау.
-Балалар осы тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
Ия, тәуелсіздік бұл еркіндік, теңдік, егемендік деген мағынаны білдіреді.

-Ал бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы
«Тәуелсіз Қазақстан» деп аталады.Алдымен әнұранымызды шырқап жіберейік.
Енді мен сендерге Оразақын Асқардың
Тәуелсіз Қазақстан өлеңін оқып беремін.
Мұқият тыңдап отырыңдар.

Тәуелсіз еркін елде біз
Дүниеге келгенбіз.
Көк ту мен елтаңбамыз,
Бар біздің өз теңгеміз.
Орындайтын бәріміз,
Біздің ата – анамыз
Жиында тұрып айтатын
Бар біздің әнұранымыз

-Өлеңде не туралы айтылған ?

-Біз қандай елде тұрамыз ?

Сөздік жұмыс.
Тәуелсіздік ,еркіндік, теңдік, егемендік,ту,елтаңба,әнұран,теңге.

-Балалар сендер Астана әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме?
-Ендеше өрнектерден өздеріңе арнап ұшатын кілемше дайындап алуларың керек.
Y. Топтық жұмыс
Балаларға қиылған түрлі ою-өрнектер, желім, А4 форматы үлестіріледі.

Ал енді кілемшеге отырып, Астанаға ұшайық.
Әсем қаламызға арнаған өлеңімізді оқып берейік.

Жарайсыңдар, балалар!
Астанаға да жеттік.



-Нелерді көріп тұрсыңдар ?
- Еліміздің бас қаласы қай қала ?
- Біздің елбасымыз кім ?
- Біз қай Республикада тұрамыз ?

Дұрыс айтасыңдар балалар.
Біздер Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Біздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.Біз тәуелсіз елде тұрамыз.Биыл тәуелсіз ел болғанымызға 23 жыл толады.
Мынау алдарыңда тұрған бәйтерек – өмір ағашы. Оның салмағы 300 тонна екен.
Ол шыныдан жасалған. Күннің көзі түскенде түсін құбылтып отырады.
-Балалар, бәйтерекке алақанын қойып,
тілегін айтқан адамның арманы орындалады дейді.

-Сендердің армандарың бар ма ?
YІ. Ой толғаныс :
Менің арманым.......................

ҮІІІ. Қорытынды
-Балалар сендерге саяхат ұнады ма?
-Енді кілемшемізге отырып ауылымызға қайтайық.
- Бүгін не туралы өлеңмен таныстық?
-16 желтоқсан қандай мейрамды тойлаймыз?
-Ал енді бәріміз «Балақан» әнін орындайық.

Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетіне
өте жақсы қатыстыңдар. Өз туған жерлеріңді сүйіп, рәміздерімізді құрмет тұтыңдар дегім келеді.

-Балаларды жұлдызша арқылы мадақтау.

YІІІ. Сергіту сәті
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау – саламат болайық. Шеңберде тұрып қуанышты көңіл күймен қыс туралы өлеңді
айтады.

Қыс мезгіліне

Қыс мезгілі
Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Балалар
қыс өлеңін мәнерлеп жатқа оқып береді.

Қар жауып, айналаны аппақ түске айналдырды
Балалар алдын –ала салған суреттерін таныстырады.

Тамаша
Тамаша
Тамаша

Тамаша
Тамаша

Өз ойларын айтады,
Еркіндік, тәуелсіздік,
егемендік туралы мағлұмат алады.

Әнұранды орындайды.

Өлеңді мұқият тыңдайды.
Тәрбиешімен бірге өлеңді қайталап, мазмұнын талдайды.

Тәуелсіздік туралы айтылған.
Тәуелсіз елде тұрамыз.

Сөздікті қайталайды, естеріне сақтайды.

Ия

Қиылған өрнектерді қағазға жапсырып, ұшатын кілемше дайындайды.

Балалар дайын кілемшеге отырып, Астанаға арнап өлең оқиды.

Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қала – Астана!

Балалар сұрақтарға жауап береді. Астананың әсем жерлерін көреді. Ойларымен бөліседі.

Астананың символы бәйтерек туралы мағлұмат алады.

Балалар алақандарын бәйтерекке қойып арман, тілектерін айтады.

Ия, ұнады

Сұрақтарға
жауап береді

Қолдарына ту ұстап,
би – қимылмен
орындайды.
Ән : « Балақан»
1.Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай –былай ойнат.

2.Күндей жайнап алаулар,
Қолымызда жалау бар.
Жалауымыз жайнап,
Би –билейміз ойнап.

3Топ –топ, топ-топ басайық.
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса,Алтын күн!
Жаса, жаса, Жарқын күн!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
«Жаса,жайна ,Қазақстан!»
«Тәуелсіздік - ынтымақ».
Тамыры терең Бәйтерек- қазақ елінің белгісі
Менің Отаным Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Атырау – әсем қала
Тәуелсіздік – ел тірегі
Аққала
Әртүрлі дөңгелектер

Автор Бекболатова Балжан

ЗКО Ақжайық ауданы Атамекен ауылы М.Өтемісов атындағы НЖББМ

Бөлім: Материалы / Әдебиеттен ашық сабақтар | Көрсетілім: 5123 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар