Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "КІМ ЖЫЛДАМ?"


"КІМ ЖЫЛДАМ?"
«Ұшты-ұшты» ойыны

Бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ал біздің ойыншыларымыз жаңылыспай ұшатын ғана затқа қол көтерген жағдайда ұпайға ие болады.
1-топқа Ұшты-ұшты – тарғақ ұшты
Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты

Ұшты-ұшты – үкі ұшты
Ұшты-ұшты – түлкі ұшты

Ұшты-ұшты –бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты –үйрек ұшты

2- топқа.Ұшты-ұшты – кекілік ұшты
Ұшты-ұшты – кекілің ұшты

Ұшты-ұшты – іркіт ұшты
Ұшты-ұшты – бүркіт ұшты

Ұшты-ұшты – ебелек ұшты
Ұшты-ұшты – көбелек ұшты

Ұшты-ұшты – қызғыш ұшты
Ұшты-ұшты – сызғыш ұшты

Ұшты-ұшты – тырна ұшты
Ұшты-ұшты – тырма ұшты

БІЗ ДЕ – ОЙЫНЫ

Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп береді.
Ойын бастаушы: мен көлге барамын.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: онан үйрек ұстап аламын.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: үйректің жарымын күшігіме беремін.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: күшігім жейді.
Осы кезде біреу; «біз де», деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады.

Санамақ

Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 қаланың, 10 баланың, 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атауы керек.

"ЕГІЗ СӨЗДЕР"

зверь – аң, подушка – жастық
пыль – шаң, урожай – астық
Зверь – аң, молодость – жастық
Закон – заң, начальник – бастық
Восемь – сегіз, три – үш
Близнец – егіз, сила – күш
Восемь – сегіз, голова – бас
Основа – негіз, камень – тас

(1-2-сынып оқушыларына оңай сөздер қарастыру керек. мысалы тек қазақша сөздер тапқызуға болады: «егіз», оған ұқсас сөзді тап )
Үлестірмелі кәртішкелер (2-3-сынып оқушылары үшін)
Ойындардан бөлек мұғалімнің әрбір сабақтарда қолданатыны үлестірмелі кәртішкелер. Үлестірмелі кәртішкелер де балалардың жұмыс кезіндегі өздерінің жауаптылығына, қатесіз орындап, жақсы баға алуларына да әсер етеді. Олар да дұрыс, тиімді құрылғанды жақсы көреді.
1 – КӘРТІШКЕ
1. Дауысты дыбыстарды қойып, көшір.
Қ...тар, қ...тар өседі
К...кті б...йлап көк терек.
К...ннің н...ры – т...сегі
Т...ла бойы к...кпеңбек.
2. Дауыссыз дыбыстарды қойып көшір.
Қа.аз, кө.тем, а.аш, ша.ғы, ұш.ыш, көбе.ек, сыр.анақ, жұмы., жемі., биі., же.іс, пара., о.ушы, оры.дық, то.ыз, мы., қыр.үйек

2 – КӘРТІШКЕ
1. Керекті әріптерді қойып, сұрақтарға жауап бер.
М.нау қандай к.тап? Сен неші.ші сы.ыпта оқ.сың? Сен қа. к.шеде т.расың? Сен неш.нші ж.лы т.ылдың?Әке.нің аты к.м ?
Шеше.нің аты к.м?
Тиісті әріптерді қойып, аудар.
Ү.рек не істейд.? Ү.рек суда ж.зеді К.тап қа.да жат.р? К.тап үст.лде жат.р Б.л не? Б.л – д.птер

3 – КӘРТІШКЕ
1. Дауысты жіңішке дыбыстарды қойып, мәтінді аудар.
К.з к.лді. Жапырақтар сарғайды. Олар үз.л.п ж.рге т.сті. Балалар әр т.рлі жапырақтарды жинады. Оларды к.тап арасына салды.
Сөздерді оқып, аудар. Сөйлемдер құрастыр.
Тігінші, орындық, өсімдік, қызғалдақ, кекілік, жарыс, көгілдір, жұмысшы, бесінші, арық, екі мың жетінші жыл.

"ЖАНУАРЛАР КЕҢЕСІ"

Тапсырма: жануарлардың аттары арқылы сандарға жасырылған әріптерді тауып, берілген нақыл сөзді оқимыз. Берілген суреттерден кірпі, қасқыр, түлкі, маймыл, қоянның аттарын таптық.
Криптограммалардың тиімділігі сондай, жұмыс істеуге енжар балалардың өздері де қалай кірісіп кеткендерін білмей қалады. Яғни «құпия хатты» оқуға тырысады.
Сонымен бірге грамматикалық тапсырмалары бар «Әлемдегі қалалар» ребусын да дыбыстарды қайталау кезінде қолдануға болады.
Грамматикалық тапсырма: қала аттарын алфавит бойынша дәптеріңе жаз.
Ребустарды шешу де балаларға өте қызық бұл балалардың шаршауын, ми қозғалысын демалдырады.
Фонетика сабақтарын лингвистикалық сұрақтар да түрлендіре алады. Мысалы өлең арқылы балаларға сұрақ қойып, сөздерді тауып отырамыз. Мысалы: Мені табу өте оңай,
аппақ сусынмын балақай. (сүт)
Ал керісінше оқысаң,
ұйықтаса көрер әр адам. (түс)
Дидактикалық тапсырмаларды ойын арқылы берудің ең тиімділерінің бірі «Егіз сөздер» ойыны. Біріншіден бұл ойын сөздердің екі тілдегі аудармасын білуге көмектессе, екіншіден сол арқылы балалардың сөздік қорларын байытады. Ойынды керісінше ойнауға да болады.

КРИПТОГРАММАЛАР
Сабақтың мәнді де сәнді өтуінде криптограммалардың да орны ерекше. Криптограмма деген грек сөзінің өзі «құпия хат» деген мағынаны білдіреді. Мәтін сандар арқылы жасырын түрде беріледі. Бұл мәтінді оқу үшін алдымен берілген тірек сөздерді тауып, сосын сол табылған сөздердің әрбір әрпі қай сан бойынша жасырылғанын білуге болады. Дауыссыз дыбыстар үндестігін қайталау кезінде «Халық даналығы» криптограммасымен жұмыс істесеңіз болады.
"ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ"
Ө М І Р - Ү Л К Е Н - М Е К Т Е П
Тапсырма: алдымен сөйлемдерді толықтыратын сөздерді тап. Тапқан сөздерің сенің жасырынған мақалды оқуыңа көмектеседі.
Кіші сөзінің антонимі – 5.10.9.3. 11.
Группа – 28.15.17.
Уголь – 9. 16. 12.36.18.
Яғни жасырынған сөздерді тапсақ "Өмір үлкен - мектеп" деген даналықты оқи аламыз.
Сонымен бірге «Жануарлар кеңесі» криптограммасын қолдануға да болады

"КІМ ЖЫЛДАМ?"
Ойынның мақсаты: Буын үндестігін, буын түрлерін есте сақтап, пысықтау. Балалардың өз шығармашылық қабілеттерін осы ойындардың қорытындысы арқылы салыстырып отыруына көзделеді. Бұл ойын да өзге ойындар сияқты балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады.
Ойынның ойналу әдісі: Тақтаға сөздер жазылады. Балалар сол сөздердің бір буынын алып, берілген уақыт ішінде басқа сөздер құрастырады. Кім бірінші болса, сол ұтады. Мысалы:
Мемлекет Қазақстан
Кітапхана Табиғат
Кеме Жануарлар
Білім Ақпан
Теңіз Адамзат
Мектеп Отбасы
Түркістан Астана
Көктөбе Алматы
Дүние Ғалам
Мысалы, Алматы сөзі Ал-ма-ты деген үш буыннан тұрса соның Ал буынынан алма, алтын, алқа, алпыс, алғыр, алыс, алақан, алқызыл, алақай, т.б. көптеген сөздер құруға болса, қалған –ма және ты буындарынан да бірнеше сөздер құруға болады. Яғни балалардың көп сөз құруына көп көңіл бөлінеді.
Ойынның нәтижесі: балалар өздерінің алған білімдерін көрсетеді. Сонымен бірге балалардың тез ойлануына, сөздік қорларын молайтуына көп көмектеседі.

"ҚҰРЫЛЫСШЫ"

Ойынның мақсаты: ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілеттері дамып, тез ойлап, тез айту қабілеттері артады, сөздік қорлары ұлғаяды. Ойынның ойналу әдісі: тақтаға құрылыс материалдары ретінде қатаң, ұяң, үнді дыбыстары жазылады. Осы дыбыстарға сай келетін дауысты дыбыстарды таңдау арқылы сөздер құрастырады.
Мысалы: қ, р, л, ғ, ж, ш, т, с, з, б, м.
Сөздер: қар, қас, қара, қал, қарға, қарлығаш, аға, ағаш, ат, тас, таза, әлем, түзу, сөз, сүт, түс, білім, әже, ет, тізе, тіс, бет, ер, жер, су т.б.
Ойынның нәтижесі: балалардың шапшаңдығын, тез ойланып, тез жауап беруге дағдылануын қалыптастырады. Оқушылар бұндай тапсырмалардың көптеген викториналарда, сайыстар мен КТО-ларда қажет болатынын түсінеді.

"Аяқталмаған сөздер"
Ойынның мақсаты. Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар бойынша алған білімдерін тексеру. Өтілген материалдарды еске түсіру болып табылады.
Ойынның ойналу әдісі. Тақтаға 2 бағанға сөздер жазылады. 1-бағанға жуан, 2-бағанға жіңішке сөздер жазылады. Сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың орнына нүктелер қойылады. Балалар берілген дауыссыз дыбыстар арқылы сөздерді табады. Бұл ойынды жазбаша түрде жүргізуге болады, не болмаса топпен жарыс түрінде де өткізуге болады. Дұрыс жауапқа ұпай сандары беріледі. Тақтадағы мысалдар:
(1-сынып оқушыларына оңай сөздер таңдау керек)
. т б . с . ж . ң . ш к .
қ . р . н д . с . м к . з . л д . р . к
б . л . б . қ ш . . й н . к
. л т т . қ ш . й н . к
. л т . ң б . к . с .
Ойынның нәтижесі: бұл ойын балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерінарттырп қана қоймай, жаңа білім алуы үшін де жақсы. Тапсырмалар орындай отырып, мынадай сұрақтарға жауаптар да алады. Дауыстылар мен дауыссыдар не үін керек, қандай дыбыстардың мағыналық ерекшеліктері үлкен? Қорытындылай келе, дауыссыздар мен дауыстылардың ерекшеліктерінің, маңыздылығының бірдей екендігін түсінеді. Қатаң дауыссыздар мен ұяң, үнді дауыссыздарды қайталап, есте сақтауда "Құрылысшы" ойынын да балалар бар ынталарымен ойнайды.

ЖҰМБАҚТАР: ОҚУ-БІЛІМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(Мектеп)
***
Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.
(Білім)
***
Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы
(Мұғалім)
***
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл?
(Ұстаз)
***
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді.
(Ұстаз)
Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер)
***
Кішкене құдықтан,
Найза ұшты шыбығым,
Су ішіп құныққан.
(Сиясауыт)
***
Қабы сояу,
Діні – бояу.
(Қарындаш)
***
Қысқа таяқ діңі бар,
Шиырлаған ізінде
Сайрап тұрар тілі бар.
(Қарындаш)
***
Ойларынды аңсаған,
Асыл сөзді ақ алаңға,
Түсіруден шаршаған,
Мен емеспін әмәнда.
(Қалам)
***
Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде.
(Қаламсап)
***
Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын.
(Сия)
***
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
(Сызғыш)
***
Елдері мен қаласы,
Ойпаты мен даласы.
Теп-тегіс тақтай-ды,
Өзені де ақпайды,
Тоғайы мен тауы бар,
Бұл не, өзің тауып ал.
(Карта)
***
Бір санға өсірді,
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді.
(Класс)
***
Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.
(Бор)
***
Қаласы бар, елі жоқ,
Даласы бар, шөбі жоқ.
Мұхиты бар, суы жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ.
Шыңдары да теп-тегіс,
Құмдары да теп-тегіс,
Кең жазықтан әр түсті,
Шығыс пенен батысты –
Бар әлемді табасың,
Өзің таң боп қаласың!
(Географиялық карта)
***
Былғанышты жақтырмайды,
Ол бар жерде дақ тұрмайды.
Бірақ тағы өз үстінен,
Таза бір жер таптырмайды.
(Сорғыш)

***
Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел,
Оқушылар бесігі.
(Парта)
***
Әңгіме, аңыз, ертегі,
Нотасы мен әні бар.
Суретін де көр тегі,
Қандай журнал бәрі бар?
(«Балдырған»)
***
Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп.
(Тақта)
***
Оқуыма төреші,
Тоқуыма төреші.
Парақтасам байқалар.
Білімімнің өресі,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесі.
(Күнделік)
***
Доп сынды келбеті,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнің әлпеті.
(Глобус)
***
Білім менен тәлім,
Парақты ашқанда
Беттерінен мәлім.
(Күнделік)
***
Оқу-білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы.
(Сөмке)
***
Көкқұтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
(Циркуль)
***
Қырық екі жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.
(Алфавит)
***
Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шақыратын білімге,
Сағаты бар, күні бар.
(Қоңырау)
***
Денесі бар шыбықтан,
Темір тұмсық құдықтан,
Сусын алып ішеді,
Ойы із боп түседі.
(Қаламсап)
***
Бөлінгенді табыстырып,
Біріктірсе қабыстырып.
Жымдастырған жігін де,
Байқамасың түгін де.
(Желім)
***
Жақсыменен тең көрген,
Ата-ана да жөн көрген.
Орындықпын төңкерген.
(Төрттік)
***
Сансыз ойлар бетінде,
Сайрап жатыр бар тілде.
Қажетпін мен әр күнде,
Өшпейді бір әрпім де.
(Қағаз)
***
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
(Кітап)
***
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?
(Әліппе)
***
Мектептің алтын орағы,
Зейінділер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы.
(Бестік)
***
Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады.
(Сөйлем)

МЕТАГРАММАЛАР

«Ш»-дан бастап жазғанда,
Шай қайнатып аласың,
«Ш»-ны орнынан алғанда,
Терезеге саласың
(Шәйнек -Әйнек)
***
«К»-ден бастап оқысаң,
Құс атауы, қарашы!
«Е»-ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы.
(Кекілік-Екілік)
***
Егер «И»-ден бастасаң,
Хайуанаттың түрімен.
«И»-ді алып тастасаң,
Әріптердің бірімін
(Ит-Т)
***
Қиғылықты қыңыр қылды,
Құрықты қиды, қырықты.
Құрықты қырқып құртты.
***
Қайратжан қой бағады,
Қойы егізден табады.
***
Оңға қарай,
Оқысаң да – бір халық.
Солға қарай
Оқысаң да – бір халық.
Бір буыным – құс,
Бір буыным – түс.
(Қазақ, Қаз, Ақ)
***
«К»-деп егер бастасаң,
Шомыласың суына
(Көл)
***
«Т»-дан егер бастасаң,
Төрт түліктің баласы
(Төл)
***
«Ш»-дан егер бастасаң,
Жазда аунайсың құмына.
(Шөл)
***
«С»-дан егер бастасаң,
Ақ қайыңнан аласың
(Сөл)
***
Сөз басында «Б»-болса,
Бас киімің боламын.
Сөз басында «Ө»-болса,
Жазда пісін соламын.
(Бөрік-Өрік)
***
Егер «М»-ден бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»-ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын.
(Май-Ай)
***
О-дан бастасаң,
Тәуір дейді, мені кім?
О-ны алып тастасаң.
Мен ешкінің төлімін
(Ол – ақ-лақ)
***
Егер «С»-дан бастасаң,
Бір баласы қазақтың.
С-ны алып тастасаң,
Ең тәуірі ол, тамақтың.
(Сайран-айран)
***
«Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«К»-дан бастасаң,
Құсқа айнала қалады.
(Жаз-қаз)
***
«К»-дан егер бастасаң
Түндей қара бір түспін.
«Ш»-дан егер бастасаң
Ернеуі кең ыдыспын
(Қара-шара)
***
Алғашқы буыны – құс,
Соңғы қос әрпі – түс.
Екеуін қосып жіберсең,
Көл жағалап тік өсем.
(Құр; Ақ; Құрақ)
***
«Ү» тұрса қызып табаны,
Қыртысты жазып тегістер,
«Ү» түсіп қалса жаманы,
Құлама болар тегіс жер.
(Үтік-Тік)
***
Майысқақпын, нәзікпін,
Садақ болып иілем.
Соңғы әріп «Н» болса,
Қалдығына азықтың,
Қоқыстарға үйілем.
(Шыбық-Шыбын)
***
Ұқсайтұғын жылқыға,
Қамыс құлақ көлікпін.
«К» орнына «П» қойсаң,
Ойлантуға берікпін.
(Есек-Есеп)
***
Шалқимын арнамда – бесікте,
Ал бірақ тұрмаймын тесікте.
Алғашқы дыбысым өзгерсе,
Көкте ұшып жүремін, көшіп те.
(Су-Бу)
***
Кезерді ерінің,
Шөбі болмас жерінің.
«Ш» орнына «К» тұрса.
Өсімдіктің нәрімін.
(Шөл-Көл)
***
Бір адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
«Б»-ны «У»-ға ауыстырса
Өлшеммін, дәуірмін.
(Бақыт-Уақыт)
***
Қақ тіліп жотаны,
Қасқайып жатады.
«Ж» орнын «Қ» басса,
Адамнан табады.
(Жол-Қол)
***
Сән берем, әркімге, көңілге,
Ұқсаймын көктемгі өңірге.
Әріпті бастапқы сызса егер.
Жөн сілтер ұстазбын өмірге.
(Мата-Ата)
***
«Қ» әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлін бал.
(Қара-Ара)
***
«Қ» орнына «Д» қойсаң,
Боламын кеңістік.
(Қала-Дала)
***
Шеге қағар шеберге,
Ең қажетті құралмын.
«Б»-ны өшірсең егер де,
Жігер берер ұранмын.
(Балға-Алға)
***
Қатты соғып жүрегім,
Қорқып, үркіп жүремін,
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толар білегім.
(Қоян-Ноян)
***
Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.
(Қаз-Қазы)
***
«Ж» әрпімен бастасаң,
Көрінеді бар маңым.
«Ж»-ны сызып тастасаң,
Су ағатын арнамын.
(Жарық-Арық)
***
Ақ бояуға қанықпын,
Бағалымын, мамықпын.
Бас әріпім алмасса,
Төрт бұрышты жазықпын.
(Мақта-Тақта)
***
Жасыл желек алабым,
Жыл маусымы боламын.
Алғы әріпті өшірсең,
Ең әдепті боласың.
(Сүлгі-Үлгі)

***
Бойында өссем тоғанның,
Кіргізем дәмін тағамның.
Соныма қоссаң бір әріп,
Үндемей жүрер адаммын.
(Жуа-Жуас)

***
Құт дарыған қотанның,
Қаруымын шопанның.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Мүшесімін адамның.
(Таяқ-Аяқ)

***
Тәтті дәм үш әріп алғашқы,
Соңына қос әріп жалғасты,
Сен одан өзіңе табасың
Дауылдан қорғанар панасын.
Екеуі біріксе егерде,
Суда өсіп, жүзеді тереңде.
(Бал; Ық; Балық)

***
Желбіретіп үкімді,
Сулы жерде жайқалам.
«Қ» орнына «Т» қойсаң,
Қоныстанып жай табам.
(Құрақ-Тұрақ)

***
Сұйықпын да тазамын,
Басамын жер тозаңын.
«С» орнына «Б» қойсаң,
Бозғылт боп тозамын.
(Су-Бу)

***
Бір құлаштай матамын,
Жуынғанда аласың,
Сая жермін,
Тұратын
Құстар әні естіліп,
Сөз соңына «А» қоссаң,
Сауық сайран құрамын,
Шалшық көлде кешкілік.
(Бақ-Бақа)

***
Алғашқы буыным,
Көшті бастар ұлымын.
Сосын тоғай нуының
Жыртқышының бірімін.
Екеуін қоссаң ірімін –
Көп аңдардың дүрімін.
(Жол-Барыс-Жолбарыс)

***
Жайнаған жер үсті,
Мекенмін келісті.
Бірінші әріп ауысса,
Айдынға ұшып қонамын.
(Жаз-Қаз)
***
Шуақты мол төгемін,
Гүлге бөлеп беремін.
Бас әріпті өшірсең,
Көкіректі керемін.
(Көктем-Өктем)


АЛФАВИТ, ӘРІПТЕР ЖҰМБАҚТАР

Телеграф бағаны деп қаласың,
Насосқа ұқсастығын табасың. (Т әрпі)
Мысыкта бар, күшікте жок.
Ыдыста бар, алмада жок. (Ы әтпі)

Арықта бар
Сезімде жоқ.,
Балықта бар,
Теңізде жоқ. Бұл қай әріп ? ( А )

Сабынды, сағызды
Сарымсақты, сәбізді.
Сапсыз бірақ тәрізді, п ? ( С )


Жұпар исі еседі,
Бастап тұрған қай әрі
Жайнап бақта өседі.
Қайсы әріптен басталған,
Аты не кім шешеді ? ( Г )

Мынау доға –
Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? ( Л )


Ас бітненің анасы,
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталған қарашы. (Н )
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақтың ұлттық ойындары
«Орман еңбекшілері. Қ қ дыбысы мен әріпі»
Құстар
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Құстар қайда қыстайды?
«Қайтпай қалған қарлығаш»
Қорқақтық жараспайды
Көрікті көктем
Етістік
Ойындар жинағы

Автор Марс Тулегенов Есенгелдіұлы

Б. Жаникешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі

Бөлім: Материалы / Қосымша жинақтар | Көрсетілім: 9934 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар