Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Мен және менің достарым » тренинг сабақ


«Мен және менің достарым » тренинг сабақ
Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес болуы. Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген! Қайда барсаңызда, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады», -дейді. Бұл тренинг- сабақ мектеп оқушыларына жолдастықтың, достықтың маңызы өте зор екенін көрсетіп, бір-бірімен қарым –қатынасын жақсартуға, шынайы достыққа, тәрбиелікке үйрететіне сенімім мол.
Керекті құрал: Интерактивтік тақта, ақ парақ, арнайы әуен, түрлі-түсті қазағдан қиылған алмалар, плакатқа салынған «жеміс ағашы».
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологтың кіріспе сөзі.
Амандасу рәсімі. Жаттығу «Сыйлық» Шарты. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы өз есімін айтады да қасындағы оқушыға сыйлығын сыйлайды. Сый-лаған сыйлықты жест, мимика арқылы көрсету керек, ал сыйлық арнаған оқушы ол қандай сыйлық екенін табу және атау керек.
Жаттығу «Менің ерекшеліктерім және кемшіліктерім». Шарты. Оқушы өзінің жағымды (+), жағымсыз(-) жақтарын анықтайды, таразылайды, талдайды. Жағымсыз қасиеттерін қағазға жазып, умаждап қоқыс шелегіне тастату. Жағымсыз жақтарынан арылу, түзету жолдарын іздеу.
Мақал-мәтелдерді талдау.
1. Жақсымен дос болсаң- жетерсің мұратқа. Жаманмен дос болсаң-қаларсың ұятқа.
2. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды
Шығарма жазу. «Досым қандай болуы керек?»
Шарты. Әуен ойнап тұрады. Оқушыларға түрлі-түсті қағаздан қиылған алмалар ұсынылады (сары, жасыл, сарғыш), сол алмаға өз ойларын жазу керек (5минут) Сары-ашық адамдар, жасыл – қиялшыл адамдар, сарғыш-өз дегеніне жететін адамдар (таңдаған түстер арқылы әр баланың мінезі анықталды.) Әр оқушы жазған шығармасын оқып, тақтадағы жеміс ағашына іледі.
Жаттығу « Мен ғажаппын!»
Осы жайдары, көңілді қалыпты сақтай отырып хормен тақтадағы сөйлемдерді айтады.
- Мен осы өмірде келуіммен кереметпін.
- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.
- Мен мейірімді, жылы жүректі жанмын.
- Мен сабырлымын, салмақтымын.
- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.
- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.
- Мен бәріне ризамын.
- Мен бақытты адаммын.
Талдау: Көңіл-күйіміз қалай? Қандай әсер алдыңыздар?
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің арманым
Менің досым.
Дос және Достық
Өзін-өзі тану ашық сабақ "Дос болайық бәріміз!"
Достық түбі - адалдық
Менің досым
Анама қандай сыйлық сыйлаймын?
Достық ой
Менің туған үйім
Нәтиже сабақ

Автор Қобланова Гульжихан

Батыс Қазақстан обл, Қаратөбе ауд, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Бөлім: Материалы / Психологиядан ашық сабақтар | Көрсетілім: 12174 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар