Саз зергері – Қазанғап
(лекция- концерт)
Жоспары:
1.Сәлемдесу, кіріспе сөз
2.Қазанғап жайлы, өмір сүрген өңірі, ортасы жайлы айту
3.Күйлерінің тарихын айта отырып, орындап беру
4 Оқушыларды қатыстыру ( мектеп оқытушылары,оқушылар, домбырашылар ансамблі)
5 Қорытынды сөз
Мақсаты: Оқушыларды Қазанғап Тілепбергенұлының шығармашылығымен, күйлерінің шығу тарихымен таныстыру. Күйлерін тыңдату, насихаттау.
Орындалатын күйлер:
1. «Күй басы Ақжелең»
2. «Көкіл»
3. «Домалатпай Ақжелең»
4. «Ысырма»
5. «Құс қайтару»
6. «Дөңгелек Ақжелең»
7. «Торы жорға аттың бөгелек қағуы»
8. «Ұршықтың жұртта қалғаны»
9. «Әлиманың боз жорғасы»
10. «Кәрі Ақжелең»
11. «Шыныақ тастар»
Лекция концерттің жүру барысы:
Оқытушы: - Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым. Бүгінгі сыр өңірінің саңлағы, күйші Қазанғаптың күйінен нәр алып, құлақ құрышын қандырар ерекше концертке қош келдіңіздер!
- Қазақ халқының күйшілік өнері әртүрлі мектептерге бөлінеді: Батыс Қазақстан күйшілік мектебі, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Арқа- Қаратау, Жетісу, Сыр бойы күйшілік мектептері. Соның ішінде Сыр бойында да күйшілер көп болған: Үсен Төре, Қазанғап,Жалдыбай, Досжан, Мырза т.б.
- Қазанғап күйшіге Ақтөбе өңірі де «біздің» күйшіміз деп таласады. Оған себеп Қазанғап Сыр бойында туылып, Шалқарды, Ақтөбе облысы маңын көп аралаған, өнер алмасқан. Дегенмен, Қазанғап күллі қазаққа ортақ күйші. Қазақ күйшілік өнеріндегі Сыр бойы мен Арал өңірінде дамыған көне оғыз сарыны жеке бір мектеп дейтін болсақ, соның басы Қазанғапта. Оның күйлерінде күй мен жыраулық өнер астасып, көне сарындар сыр шертеді.
- Күйлерінің құрылысы кәдімгі төкпелік сағаға құрылғанымен түрлі өзгерістер болып отырады. Сонымен қатар, эпикалық жыр сияқты ерекше ритммен, сөз сияқты анық айтылатын буын тұстары да бар.Осы уақытқа дейін Қазанғап Батыс Қазақстанның күйшісі деп келуінің себебі- Сыр бойы күйшілік дәстүрінің бұрын соңды зерттелмегендігі, ғылыми айналымға түспегендігі, оның өкілдерінің қарапайым өмірбаянының деректері жиналмағанда.Сыр бойы күйлеріне тән ортақ қасиет күйлердегі шарықтау шың – кіші сағада, үлкен саға сирек кездеседі. Негізгі ой кіші сағада айтылады, ал үлкен саға кейінгі күйшілердің жеткен жемісі.( Жалдыбай, Исламбек, Мұзарап).Бірде Арал-Қазалы жерінде болған бір үлкен аста Мырза күйші Қазанғаптың өнеріне тәнті болып былай деген:
Жыр еткен домбырамен ащы шерді,
Тыңдайық жерлесіміз Қазанғапты.
Дауылды балықшының өмірінен,
Күй туды күмбірлеген «Көкіл» атты.-деп
Әбілхан Маханов жырлағандай күйші өмірінің бар сыры осы күйде ашық мәтінде бейнеленген. Бұл күйді үнтаспадан Бақыт Басығараевтың өз орындауында қабыл алыңыздар
3. «Көкіл» Қазанғап кедейшілікте қиын өмір сүрген күйші. Бірде ол оңтүстіктен астық әкелуге сауда кереуеніне ілеседі.Қарақамыс ауылындағы Үсен төреге сәлем беруге ат басын бұрыпты.Үсен жол жүріп кеткен Қазанғап шөлін қандырып,,айнала қараса, керегеде ілулі тұрған домбыраны алып, шертеді.Оны көрген Үсен:
- Менің домбырамды рұқсатсыз ешкім ұстамаушы еді, сен қандай батылсың, енді өнеріңді көрсет, дұрыс тарта алмасаң айыбыңды өтейсің- депті. Қазанғап өзін таныстыру үшін «Көкейге түскен Көкілжан» деген жаңа күйін тартыпты. Бұл күйде уайым-қайғы арылмаған, кедей қауымының ауыр өмірі күңіреніп тұрды.
4. «Домалатпай Ақжелең» - Ежелден келе жатқан қазақ дәстүрі бойынша, домбыра тартысы, айтысы болып, күйшілер өнер жарыстырған.Өнерлі қыздарды күйшілер әдейі іздеп барады екен. Кейде осындай сайыстың уақыт төрешісі ретінде шымырлауықты қолданған.
- «Сізді домбырашы деп естіп, сізбен күй тартысайын деп келдім» деп Қазанғап. Бірден өз жұмысын айтады.Сонда қыз өте ақылды , тапқыр болса керек, Қазанғапты сынамақ болып:
- Менің шартымды орындасаң ғана мен сенімен тартысамын деп шартын айтады: асқан домбырашы болсаңыз мына зырылдауықтың қимылына күй шығарыңыз, талай-талай домбырашылар орындай алмай жеңілген.
Көкірегінде небір күй жатқан Қазанғап тосылмай бірден домбыраны қолға алып «Домалатпай Ақжелең» күйін тартыпты.
Енді кезекті күйге берейік «Домалатпай» күйі тартылады.
5.» Ысырма» күйшінің Қазанғап екенін білгеннен кейін қатты қуанған Үсен төре сол жерде күй тартысады. Осылайша шеберлік жарыстырып отырғанда Қазанғап жаңа бір күй шығарып осыны тартып көріңіз дейді төреге
- Тартпайтын несі бар деп тартып отырғанда кенет домбыра қолынан ысырылып, тайып түсіп кетеді.
- Осындай ептілігіңмен аласың ғой әйтпесе менен тартқыш емессің ғой деп әзілге бұрыпты.Сондағы Қазанғаптың тартқан күйін тыңдаңыздар.
( күй тартылады)
6. «Қиту-қиту, қайт-қайт» Үсен төре мен Қазанғап төренің ителгісін алып аңға шығады. Еркіндікке шыққан бөктергі тоғайға ұшып кетеді. Төре құсты ары қуады, бері қуады шаршап үйіне келеді. Ол ашуланып тамақ татпай жатып алады. Қазанғап көңілін сергітейін деп
Болғанда Сіз- өнерпаз, біз бір сыншы,
Сүйсінді өнеріңе мырза күйші.
Күй төгіп құдіретті домбырадан,
Қайда да халқыңменен бірге жүрші.
Деген ғой «Асыл- тастан, ақыл- жастан»
Күйші жоқ Сыр бойында сенен асқан,
Ақиық қыран тектес Қазанғабым,
Күйлерің асқан шалқып алты алаштан. -Төре жақсылығын білмеген ит пен құсқа қапаланып қайтесіз ондайлар адам арасында да кездеспей ме? –деп басу айтып күй тартады.Төренің ашуы тарқап, сабасына түскен екен. Ол күй «Қиту-қиту, қайт-қайт», орындайтын жоғары сынып оқушысы.
(бұл күйді «Құс қайтару» деп те атайды)
Күйдің техникалық қиындығы қағыста Халық ішінде орама немесе сүйретпе қағыс деп аталып жүрген ПVVс.б.с.( сұқ саусақ, бас бармақ, сұқ саусақ) қағысы көп қолданылады. Триольдан кейін келетін сегіздік немесе төрттік тұтаса тартылуы керек.
Алғаш оқушыға Қазанғап күйлерін үйретерде «Учитель» күйінен бастаған жөн.
Қазанғап күйлерінің ноталық жазбасы А.Райымбергеновтың «Ақжелең» және А.Тоқтағанның «Қазанғап», С.Балмағамбетовтың « Саз зергері Қазанғап» кітаптарын қолдану керек.
Қазанғап күйлерін насихаттаушылар : Ж.Айпақов, С.Балмағамбетов,Б.Басығараев, А.Шәріпов, С.Жалмышев, И.Ысқақов, Қ.Тасбергенов, А.Райымбергенов т.б.
Қазанғап мұрасын зерттеушілер ішінде (А.Жұбанов, А.Сейдімбек) ең үздік нұсқа ретінде С.Балмағамбетов пен Б.Басығараевтың варианттары айтылады. Ән-жыр сияқты асқақ пафосты күйлерін орындайтын С.Балмағамбетов, ал лирикалық қырын ашқан Б.Басығараев.
Қазақтың төкпе дәстүріне шерту әдісін Қазанғап алғаш енгізген Қазанғап күйлернде ескі түркілік сарын бұзылмай сақталған.
Қазақта күй тартар алдында «құлақ күйі» деген бар. Қазанғап дәстүрінде ол «күй басы» деп аталады. Қазанғап күйлерін үйрену үшін ноталық сауат ашық болуы тиіс, үнтаспаларды көп тыңдау керек, құлақпен ғана сіңеді.
Көркемдік әдіс - техника форшлаг, мордент, лига.
Ендеше осы айтылғандарды тұжырымдай келе Қазанғаптың күйлеріне кезек берейік:
1.Жаңа айтып өткендей күйші тыңдаушыларды өзіне қарату мақсатында кіріспе ретінде құлақ келтіріп «Күй басы Ақжелең» күйін тартады.
Қазір осы күйді мектеп оқушысының орындауында тыңдайық
2. «Күй шақырғыш Ақжелең» - аңыз бойынша бұл шығарма «Алпыс екі Ақжелең» аты күйдердің басы, негізгі күйі. Сондықтан бұл күйді домбырашылар кейде «Күй басы» деп те атайды. Халық ұғымында ақжелең көңілді, көрікті, ақ жарқын деген мағынана білдіреді. Сол себепті «Ақжелең» күйлері әйелдің образына арналған. Ал 62 болуы қазақ халқында 62 қан тамыры болады деген ұғым бар, адамның 62 тамырын толқытатын, көңілді ,әсем сазды бұл күйлерді халық «62 тамырлы Ақжелең» деп атап кеткен. Қазанғап осы Ақжелеңдерге көп үлес қосқан.
7. «Дөңгелек Ақжелең» - Қазанғап ел аралап жүріп кешке бір ауылға соғады. Қыз-келіншек, жігіт-желең ән салып, би билеп, алтыбақан теуіп, ойын-сауық құрып жатқан үстіне келіп жастардың дөңгеленіп биіне арнап күй шығарады: аты Дөңгелек Ақжелең (оқытушының орындауында).
8. Келесі тыңдайтындарыңыз «Торы жорға аттың бөгелек қағуы»
Бөгелек деген шыбын тәрізді жылқының мазасын қашыратын, шағатын жәндік. Орындайтын мектептің домбырашы мұғалімі.
9.»Әлиманың боз жорғасы» ертеде батыс өңірінде Әлима атты өнерпаз бойжеткен болыпты оны өз қалауынсыз тұрмысқа берген.оған арналған әндер де бар. Ол өзі ұзатылғанда жорғасын ала кеткен соған арналып шығарылған күй.( оқытушы орындайды).
10» Кәрі Ақжелең» Қазанғаптың қартайған шағында шыққан күй (оқытушы орындауында)
11 «Шыныаяқ» Қазанғап пен Үсен төре екеуі шай ішіп күй тартысып отырғанда келіні Қазанғаптың күйін ұйып тыңдаған ол шай құюды ұмытып кетеді. Соны байқаған Қазанғап күйдің желісімен қолын сермеп кесені көрсетеді бірақ оны келін байқамайды Қазанғап күйді аяқтағанда Үсен бұл күйдің аты « Шыныаяқ» болсын Қонағымыз шай тұрып қалған соң шыныаяқты нұсқап еді деген.Сонда барып күйдің жапсарын ұққан келін шайды қайта демдеп әкелген екен. Бұл күйді домбырашылар ансамблінің орындауында тыңдайық.( ансамбль орындайды)
- Рахмет,бүгін біз Қазанғаптың күйшілік мұрасымен таныстық,біраз күйлерін тыңдадық.
-Концерт ұнады ма?
- Қазанғаптың қандай күйлерін бідесіңдер?
-Бүгінгі кештің де мақсаты осы еді күйшіні оқушыларға таныстыру.Осындай тәлімі мен тағылымы мол кештерде кездескенше аман болыңыздар.Өз еліміздің мақтанышы болатын өнерпаздардың еңбегін бағалап, ата-аналарыңыздың үмітін ақтайтын үлгілі оқушы болыңыздар. Кеш соңында мектептің аға оқытушысы_____________
қорытынды сөз беріледі.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Сыныптан тыс жұмыс |
Көрсетілім: 4142 |
|
|
|
Саз- зергері Қазанғап

Автор Сарбалова Гүлзира Қайырбекқызы
балалар әуез мектебі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |