Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жүсіп Баласағұн "Құтты білік" трактаты 8 - сынып


Жүсіп Баласағұн "Құтты білік" трактаты 8 - сынып
Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы. Ж. Баласағұн. «Құтты білік» трактаты

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өмірінен мәлімет беру. «Құтты біліктің» әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат екендігін таныту.
Дамытушылық: шығармаларында көтерілген адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері, ел басқару, моральдық – эстетикалық тұрмыстық мәселелерді үлгі - өнеге ету.
Тәрбиелік: поэманың бүгінгі таңдағы өміршеңдігін, тәрбиелік мәнін ұғындыру, үлгі - өнеге ету.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, слайд, сурет, нақыл сөздер
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жинақтау, топтастыру,ой бөліс,шығармашылық жұмыс
Өту формасы:топпен
Пәнаралық байланыс: Тіл, түркі тілдері туралы, тарих
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын бір- біріне кітап беру арқылы айтады
Қорытындылау, бекіту, бағалау
ІІІ Жаңа сабақ
Өлең шумақтары арқылы топтардың аты анықталады.
І топ
Адамдық борышың, халқыңа еңбек қыл
Ақ жолдан айнымай, ар сақта оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен:
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл
ІІ топ
Нағыз достар бір –біріне ұнаған,
Қиындықта бірін-бірі сынаған.
Мүмкін емес, доссыз өмір сүруде
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған
ІІІтоп
Ана тілі-біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

1.Оқушылардан алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша ізденіп келген мәліметтерін сұрау
2.Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.
Дәптермен жұмыс күн ретін, тақырыпты жазу
Топпен жұмыс
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.Топ фишкалар арқылы бағаланады.
Ітоп - адамгершілік
ІІтоп - достық
ІІІ топ - тіл
Топ оқушылары өз топтарының неге олай аталатынын түсіндіру керек.
Кітаппен жұмыс
1.Өлеңнің үш шумағын үш топ мүшелері оқиды.
І топ.
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.
Ұшқалақтық - бір, екіншісі - сараңдық,
Үшіншісі - ашу, оған егіз надандық, - деген үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды топтастыр. Ғұламаның айтпақ ойы қандай, түсіндір.
Жағымсыз қылықтар
2 - топ.
Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын анықтап, түсіндір. Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақта.
Екі түрлі достықтың бар есебі,
Сол үшін жұрт табысады, сенеді.
ІІІ -топ.
Төмендегі келтірілген үзіндіден ақыл, білім, тіл туралы айтқан ойларына анықтама беру.
Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл,
Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл.
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.
Ауызша жұмыс
Оқыған өлең шумағының мағынасын үш топ мүшелері ашады.
Салыстыру
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» өлеңі
Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Қашық болар бес нәрсе Баласағұн өлеңінен үзінді
Ұшқалақтық, сараңдық,ашу,надандық,өтірік
Қашық болар бес нәрсе Абай өлеңінен үзінді
Өтірік,өсек, мал шашу,өр көкіректік
Деңгейлік тапсырма
І деңгей - қызыл түсті
ІІ деңгей - көк түсті
ІІІ деңгей - сары түсті
Ұяшықта жасырылған сұрақтарды таңдап оқу арқылы сынып оқушылары жауап береді . 9 сұрақ
Дастанның идеясы қанша приципке негізделген? 4
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның бұл дастанын қай жылы, қанша айда жазып бітірген? ( хижра есебімен 462 ж., қазіргі жыл санау бойынша 1070 ж. 18 ай бойы жазған)
3.Кімге тарту еткен? ( “хандардың ханы” – Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға (908 – 955) тарту етеді (қ. Әулие Ата).
4. Сол үшін хан өз жарлығымен Ж. Баласағұнға қандай атақ берілген? (“хас хажиб” – “бас уәзір” немесе “ұлы кеңесші” деген лауазым берген).
5.Жүсіптің әкесі қандай адам болған? ( ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен)
6.Жүсіп әкесімен бірге қайда қызмет еткен? ( хан сарайында қызмет еткен)
7. Осында жүріп қандай білім алған? (қоғамдыққа тән жаратылыстану ғылымдарынан білім алды)
8. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды кім ретінде танылған? ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған.)
9. Қандай ғылым салаларына үлесін қосқан? философия,математика т.б
Дәптермен жұмыс
Құрылысына қарай талдау жаса
Жүрсін бектер ІІ бес нәрседен алыстап, а
Есі болса, ІІ жұрнақ болса намыстан. а
Ұшқалақтық - бір, ІІ екіншісі - сараңдық, б
Үшіншісі - ашу, ІІ оған егіз надандық. б
12 шумақты, 4 тармақты, 2 бунақты, буынды егіз ұйқас
«Сиқырлы сандықша»
сандықша ішінде жасырылған тапсырмаларды орында.Шығармашылық жұмыс
Шығармашылық жұмыс
1. Дос туралы эссе жазу
2. Адамгершілік қасиеттер туралы эссе жазу
3. Тіл туралы эссе жазу
Бекіту сұрақтары
не білемін? не білдім? не білгім келеді?
Кесте оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар кестені толтырады.
Қорытындылау
“Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ - жауаптарынан, бір - біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаһарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу - білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім - тәрбие мәселелерін дидактикалық – философиялық тұрғыдан сөз етеді.
Бағалау
1.Берілген тапсырмаларды орындауыменен;
2.Өз ойын еркін жеткізе алуыменен;
3. Сөздік қорыменен;
4.мақтау қағаздарыменен.
Үйге тапсырма.
Дастаннан әр түрлі үзінділер жаттау.
Қызылорда облысы,Сырдария ауданы,
№131 орта мектебі,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі Л.Майханова
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Абайдың қара сөздері
Білім-ақыл-ой дариясы.
Лиро-эпостық жырлар
Жүсіп Баласағұни "Құтты білік" дастаны
Ғылым мен білімнің дамуы
Жүсіп Баласағұни
Абай Құнанбаев Адам болам десеңіз
Абайдың қара сөзінен
Еріншек ашық сабақ
А.Құнанбаев "Адамның кейбір кездері", "Әбіш туралы"

Автор Майханова Лена Торебековна

Қызылорда облысы,Сырдария ауданы,№131орта мектебі

Бөлім: Материалы / Әдебиеттен ашық сабақтар | Көрсетілім: 10338 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар