Сыныбы: 7 уақыты: 3 сабақ 11 сәуір 2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және оның себептері.
Мақсаты : ХV –ХVІІ ғасырлардағы қалалардың жағдайы қандай болды?
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Күтілетін нәтижелер: А Орта ғасырлық қалалар туралы біледі.
В Қазақ қалаларының экономикалық жағынан әлсіреу себептеріне анықтама береді.
С Экономикалық дамуында калаларды схемалайды, калаларды ажыратады, жасырын мағынаны көре біледі .
Керекті жабдықтар: тақырыптық карталар, интерактивті тақта, бағалау парақтары.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Жеке, диалогтік оқытудағы топтық әңгіме, «Кезбе тілші» әдісі, критерий арқылы өзін-өзі бағалау, «Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтық өзара бағалау, рефлексия парағы
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
8мин 1. Тұлғааралық байланысты орнату.
2. Сыныппен амандасу.
3. Әйгілі орта ғасырлық қалалардағы кесене (А.Иассауй, Айшабибі, Алаша хан) қиындыларын құрастыру арқылы үш топқа топтастыру
Үй тапсырмасын «Жалған, шындық» әдісі бойынша сұрау (Ия, жок) -мұғаліммен сәлемдесу;
- кезекшілік қызметін атқару;
- сабаққа зер салу
Оқушылар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді және сәйкес жағдайға икемделеді.
Өткен материалды еске түсіріп, жаңғыртуды іске асырады.
Оқушылар бағалау парағы арқылы бір-бірін бағалап отырады.
Тұсаукесер 7 мин «Ой қозғау» ОРДА фильмі көрсетіледі. (2-3 мин)
- Ендеше, балалар, бұл фильмде қандай тарихи нысан жайында әңгіме болып отыр?
- Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін?
Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.
Негізгі бөлім
17 мин 1«Еркін талқылау» әдісі арқылы топтық жұмыстар
Мәтін мазмұнын, идеясын меңгерту мақсатында 3 топқа тапсырмалар беру
I топ. Анықтау. Қалалардың дамуында ҰЖЖ ның ықпалы интеллект карта кұрады
IІ топ. Зерделеу. Қалалардың тоқырау себебін анықтау «Кезбе тілші» әдісі бойынша интернет желісінен қосымша материалдар алып, жаңалықтар бағдарламасын дайындау
1-оқушы: телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.
2-оқушы: Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.
3-оқушы: Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.
4-оқушы: Тілші сұхбат алатын куәгер.
( Талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда «Нағыз құзыреттілікті қалыптастыру» идеясын жүзеге асыру.)
IІІ топ. Салыстыру. Жоңғар шапқыншылығына дейін және кейінгісін салыстыру. Венн диаграммасы бойынша электронды нұсқада дайындау
Сергіту сәті «Іс қимылдар коктель»
(Бұқа, піл, кит, желе)
Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді.
Алдымен, жеке оқушы өз бетімен мәтінді оқиды. Топтық талқылау жүреді.
«Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтарда өзара бағалау жүреді. Бағалау критерийлері :
Егер жеткізуі нақты, анық, тарихи фактілер, тарихи тізбек дұрыс, түсінікті болса
Жасыл түс
Егер жеткізуі орташа, тарихи фактілері әлсіз, тарихи тізбекте ауытқушылықтар кезіксе
Сары түс
Егер құр сөзге негізделген, тарихи фактілер қарастырылмаған мүлдем түсініксіз болса
Қызыл түс
Қорытынды 13мин 1. «КЛАССИФИКАЦИЯ» топтық жұмыс. 3-4 оқушыдан 3 топ құрамында бір үштікті АБС деңгейін зерттейтінді алып қалып (қалғандарын сағат тілі бойынша 1 қалады, 2 келесі топқа барып танысады) видеоға түсіріп, қайта басқаша тағы қалай орналастыруға болады деп, ілеспе сұрақ қою арқылы тағы сыни ойлауға жетелеймін (суреттерді орналастырады)
2. Кері байланыс.
Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің?
Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың?
Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің?
Үйге тапсырма:
1. Міндетті деңгейлі тапсырма.
Кескін картаға Жібек жолы бойында орналасқан орта ғасырлық қалаларды белгіле
2. Мүмкіндік деңгейлі тапсырма.
Орта ғасырлық бір қаланың кешегісі мен бүгіні туралы таныстырылым дайындау
Осыдан соң мұғалімнің қорытынды бағалауы жүреді.
Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі.
Сабақтың өзіндік талдауы.Сабақтың тақырыбы: «Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және оның себептері», мақсаты: ХV –ХVІІ ғасырлардағы қалалардың жағдайы қандай болды? Өткен сабақты бекіту мақсатында СТО «Жалған, шындық» стратегиясын қолдандым. Яғни, үйден дайындап келген тақырыптарын жоғары және төменгі деңгейлі сұрақтары қамтылған ресурс парағын пайдаландым. Жауаптарын көршісімен ауыстыртып, өзара тексеру әдісі қолданылды. Оқушылар сұрақтарға жақсы жауап берді. Жаңа сабақтың мақсатын бірге анықтау үшін «Орда» фильмінен үзінді корсету арқылы бастадым.

- Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін? - деген ілеспе сұрақтар жолдау арқылы сабақ мақсатын анықтадық. Жауаптарына сай мақтап мадақтап отырдым.
Жана сабағымды «Еркін талқылау» әдісі арқылы топтық жұмыспен бастадым. Мәтін мазмұнын, идеясын меңгерту мақсатында 3 топқа тапсырмалар бердім.
I топ. Анықтау. Қалалардың дамуында Ұлы Жібек жолының ықпалы тақырыбы аясында интеллект карта кұрады
IІ топ. Зерделеу. Қалалардың тоқырау себебін анықтау «Кезбе тілші» әдісі бойынша интернет желісінен қосымша материалдар алып, жаңалықтар бағдарламасын дайындаумен айналысты.

2-оқушы: Жарнама жасады.

IІІ топ. Салыстыру. Жоңғар шапқыншылығына дейін және кейінгісін салыстыру. Венн диаграммасы бойынша флипчартта дайындау жұмыстары тапсырылған болатын.
Содан кейін жаңа тақырыппен әр оқушы жеке танысып, әр топтағы оқушылар өздерін рөлге бөліп, әрқайсысы өз жұмыстарын бөліп алды. Жаңа тақырыпты өкіл әдісімен меңгерді. Бірінші модуль бойынша «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер». Оқушылар өзін – өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме, әңгіме – дебат жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өзіндік ойын, өз пайымдауда не білгенін, нені жасай алатынын, олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін не істегісі келетінін түсінуге тырыстым. Жұмысты орындау кезінде топта ынтымақтастықты көруге болады. Топтасқан кезде оқушылар ұйымшылдық, бір-біріне деген сенімділік, жанашырлық қасиеттері байқалды. Топтасып жұмыстанған кезде лидер оқушылар байқалды. Әр топ өз тақырыптарын орталарында талдап, кейін топ мүшелері өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл сабақ барысында оқушылардың белсенділігі жоғары, қызығушылығы жақсы болды. Себебі бұл сабақ өзгеше әдіс-тәсілдермен өтілгесін оқушылардың қызығушылығы жоғары болды, оларға әсіресе «Кезбе тілші» әдісі ұнады, әсіресе ІІ топтың көкжиек кеңдігі, рөлдерге енуі, топтың ынтымақтастықтағы жұмысы тіпті мені де таң қалдырды. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сабақта осы топ өздері дайындаған ТВ шоуында АКТ мүмкіндіктерінен молынан пайдаланды. Аудандық өлкетану мұражайының жетекшісі, жоғарғы санатты тарих пәнінің мұғалімі Алдаберген ағайдан алған аудио сұхбатынан үзінді тыңдатуы, орта ғасырлық қалалардың қирау себебі мен бүгінгі таңдағы қалалардың қирауын ұштастырғандығы, қолда бар материалдарынан дайындаған сюжеттік бейне материалдары өте сәтті шықты. Жүргізуші болып отырған оқушым Зере өзінің нағыз көшбасшы екендігін айқындай білді. Топтағы үлгерімі төмен деген Анарды жарнамаға шығаруы, Анар қысылып қымтырылғанына қарамастан өз рөлін барынша жеткізуге тырысқандығы мақтауға тұрарлық. Топпен жұмыс жүргізудің тиімді екенін байқадым. Сабақта І топ оқушылардың белсенділігі орташа болды, себебі олар тақырыптарын ашуда салған жұмыстарында толықтырудың қажет екендігі байқалды. Білгендерін жеткізуде де қиналып жатты. Ал ІІІ топтың жұмысына жалпы сыныптың көңілі толды. Видеоға түсу бүгінгі сабақта оларға кедергі болмады, өздерін еркін, жайлы сезінді. Тіпті өз жұмыстарын бағалауда (бағдаршам әдісі) да өздерін сенімді, объективті бағалағаны таң қалдырды. Егер алғашқы сабақта бағалауға келгенде қиналған болсам, бүгін ол кедергіден де шығуға болатының түсіндім. Ең бастысы оқушыдан нені, қалай бағалауды сұрап отырғаным жүйелі болуы керек деп ұқтым.
. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Топтық жұмыстан соң оқушыларды «Іс қимылдар коктейлі» тренингі арқылы бір сергітіп алдым. Сыныптағы оқушылардың сыни ойлауын анықтау, дамыту мақсатында классификациялау әдісіне негізделген тапсырмасын бердім. Ол үшін оқушыларды қайта топқа жіктеп алып, үш топқа флипчарт беріп үстіне шамамен дерлік бірдей түрлі түсті тақырып аяс ында қалалардың фотосуреттер ұсындым. Тапсырма өз ойлары, тұжырымдары бойынша фотосуреттерді орналастыру. Бұл тапсырманы орындауда сабаққа белсенділігі төмендеу Гүлдана, Ернар, Сұлтан сияқты оқушылар асқан ынтамен орындады. Сол жұмыстарды атқару кезінде дарынды, талантты оқушылар анықталды. Лидер оқушыларым Зере, Батырбек, Шынар, қатынаспай отырған оқушыларым Гүлдананы, Ернарды, Анарды өздерімен ілестіріп отырды.
Сабақта оқушылардың өзін-өзі бағалауы және өзара бағалаулары болды. Сабақ соңында үйге тапсырма беріп, сабаққа қатысқан оқушыларды бағаладым.
Оқушылар осыдан кейін «Бас, қол, жүрек» әдісімен сабаққа рефлексия жасады. Жалпы сабақтың құрылымы жоспар бойынша өткізілді. Өткен тақырып бойынша оқушылар үй тапсырмасына жақсы дайындалып келген. Оқушылардың тақырыптың мағынасын ашуда шығармашылық ізденістері көңіліме өте қатты ұнады. Мақсатыма толық деңгейде қол жеткіздім деп ойлаймын. Кішкене болса да сынып оқушыларын шығармашылыққа баулып, өз ойларын айта алатындай деңгейде көрсете алдым деп ойлаймын. Осы сабақта байқағаным көп үндемейтін оқушыларым сабаққа қатынасып, сұрақтарға жауап берді. Сабаққа қатынасқандарына алғыс айтып, сабағымды аяқтадым.( 773сөз)
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Тарихтан ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3242 |
|
|
|
Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және оның себептері

Автор Уразбаева Дилара Кидиргалиевна
Бітік ОЖББМ балабақшасының оқу ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәнінің мұғалімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |